Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінің командалық турнирінің қоласы үшін күреседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты аяқталады, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінің командалық турнирінің қоласы үшін күреседі

Жапониялықтардан жеңілгеніне қарамастан, Қазақстан әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

Қазақстан бразилиялықтармен арадағы бәсекеде жеңісті қолдан бермеді.

3:0 есебімен қарсыластарынан басым түскен жерлестеріміз «қоладан» үмітті.

Енді отандық спортшылар жартылай финалда жеңілгендерді күтеді.