Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бүгін, 3 сәуір күні Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты.

Аталған жарыста қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылады.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде Әбиба Әбужақынова бесінші орнында қалды. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаев 15-орынға тұрақтады.

Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орны мынадай (ТОП-50):

Ерлер

-60 кг

Мағжан Шамшадин – 15-орын (2773 ұпай),

Елдос Сметов – 23-орын (1929),

Бауыржан Нарбаев – 34-орын (1438),

Нұрқанат Серікбаев – 36-орын (1322),

Шерзод Давлатов – 49-орын (855).

-66 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 24-орын (2010),

Есет Қуанов – 42-орын (1114).

-73 кг

Данияр Шамшаев – 15-орын (2746),

Жансай Смағұлов – 21-орын (2060).

-81 кг

Абылайхан Жұбаназар – 22-орын (2105).

-90 кг

Дидар Хамза – 24-орын (1920).

-100 кг

Нұрлыхан Шархан – 24-орын (2115).

+100 кг

Әділ Оразбаев – 41-орын (1081),

Ғалымжан Қырықбай – 49-орын (780).

Әйелдер

-48 кг

Әбиба Әбужақынова – 5-орын (4183),

Ғалия Тынбаева – 39-орын (1236).

-57 кг

Севара Нышанбаева – 33-орын (1317).

-78 кг

Аруна Жангелдина – 32-орын (1120).

+78 кг

Кәмила Берликаш – 19-орын (2544),

Назгүл Маратова – 39-орын (831).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы Нұрқанат Серікбаевтың Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
Референдум