Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатынан 14 медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливан Астанасы Бейрут қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия біріншілігінде жерлестеріміз 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей құрлықтық чемпионатқа 22 елден 200-ге жуық жас дзюдошы қатысты.
Қазақстандық жас татами шеберлері екі күндік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.
Алтын жүлдеге қазақстандықтардан 73 келі салмақта Ғайнуллин Аңсарбек, 48 келіде Ғалия Тынбаева және 57 келіде Аида Карчаева қол жеткізді.
Ал күміс жүлдені Адия Сайын (44 кг), Ақмарал Науатбек (48 кг), Диана Аипова (52 кг), Мәлік Темірсұлтанов (90 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) және Мөлдір Нарынова (-70 кг) жеңіп алса, қола медальді Алмас Ғалымов (60 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Болат Біләл (55 кг), Ерасыл Болат (90 кг) және Назерке Тілеуханова (-78 кг) қанжығаларына байлады.
Фото:www.fdk.kz