18:13, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 5 қола медаль олжалады
АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкок қаласында 19-21 сәуір күндері дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Онда ел намысын қорғаған спортшылар 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 8-ші орын алды.
Атап айтқанда, ерлер арасында Елдос Сметов (60 кг), Азамат Мұқанов (66 кг), Ислам Бозбаев ( 90 кг), Ержан Шыңкеев (+100 кг), әйелдер арасында Ленария Мингазова (57 кг) жүлдегер атанды. Ал Айгүл Байкулева (48 кг), Олеся Куценко (52 кг), Мариана Ордабаева (63 кг), Альбина Амангелдиева (78 кг) мен Гүлжан Исанова (+78 кг) үздік бестікке кірді. Ал Ертуған Төренов (73 кг) пен Азиз Қалқаманұлы (81 кг) 9-16 орындарға табан тіреді. Онда жапондар - 6 салмақта, кореялықтар - 3 салмақта топ жарып, Моңғолия, КХДР және Қытай дзюдошылар бір-бір алтын медаль олжалады.