Қазақстандық дзюдошылар Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды
ТАШКЕНТ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдашылар 2012 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Азиялық дзюдо одағының баспасөз қызметі хабарлағандай, Өзбекстанның астанасында өткен дзюдо бойынша Азия чемпионатында командалық жарыстың қорытындысы бойынша басып озған 4 команда 2013 жылы Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Атап айтқанда, бірінші орынды иеленген Оңтүстік Кореяның командасы мен екінші орындағы - Жапония, сондай-ақ қола жүлдегерлер Өзбекстан мен Қазақстанның спортшылары Рио-де-Жанейро қаласына барады.
Сонымен қатар Халықаралық дзюда федерациясы әлемдік рейтингтің негізінде ағымдағы жылдың 2 мамырында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдашылардың тізімін жариялайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеке есепте қазақстандық команданың спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдан еншіледі. Атап айтқанда, 66 келі салмақта Сергей Лим алтын медаль, 78 келіден артық салмақта Гүлжан Иссанова күміс медаль иегері атанса, қола медаль үшін 100 келіге дейінгі салмақта Виктор Демьяненко басып озды.