Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 3 медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тула қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 3 медаль алды

16 елден 362 спортшы қатысқан турнирге Қазақстан құрамасынан 35 жас дзюдошы сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте 6-орынға тұрақтады.

Күміс жүлдені 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов жеңіп алса, екі қола медальды 44 келіде сынға түскен Бибіхан Набиева мен 52 келіде белдескен Меруерт Сарсенова иеленді.