Қазақстандық дзюдошылар командалық сында күміс жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан аралас командалық сында Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық дзюдошылар командалық сында күміс жүлдегер атанды

Финалда Жапония құрамасымен кездескен біздің спортшылар 0:4 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Еске сала кетейік, жартылай финалда Қазақстан дзюдошылары Өзбекстанды ұтқан болатын.



ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі