Қазақстандық дзюдошылар Латвиядағы жасөспірімдер турнирінде 2-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Юрмалада өткен Young Stars  7-халықаралық жасөспірімдер турнирінде Қазақстан құрамасы екінші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қазақстандық дзюдошылар Латвиядағы жасөспірімдер турнирінде 2-орын алды

Бірінші орынды - Беларусь, үшінші орынды Ресей спортшылары иеленді. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Латвия, Литва, Ресей, Қырғызстан, Украина, Хорватия, Эстония, Финляндия, Беларусь, Норвегия елдерінен жас дзюдошылар қатысты.

Турнирде қатысушы елдердің түрлі спорттық клубтары мен ұйымдары өнер көрсетті. Спорт клубтары арасында Астана қалалық Оқушылар сарайының өрендері қорытынды нәтиже бойынша 9-орын алды. Турнирге жалпы 800 спортшы қатысты.

Елордалық Оқушылар сарайының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Елдос Қабзаки - 1-орын, 26 кг, 2007-2009 жылдар аралығындағы санат;
Әмір Ақтаев - 1-орын, 73 кг, 2003-2004 ж.;
Бекзат Абылаев - 2-орын, +90 дәрежесі,1999 ж.,
Данияр Сембек - 2-орын, 29 кг, 2007-2009 ж.;
Әділ Әдуахатов - 2-орын, 66 кг, 2003-2005 ж.;
Айсұлтан Ақылбай - 3-орын, 38 кг, 2009 - 2010 ж.;
Нұрасыл Есмағамбетов - 3-орын, +90, 2001-2003 ж., 

Қазақстандық спортшылар барлығы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

null null null null