Қазақстандық дзюдошылар «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы күнінде бір күміс және екі қола еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде дзюдо бойынша «Үлкен дулыға» турнирінің кезеңі басталды, деп хабарлады sports.kz.
None
None

«GRAND SLAM» сериясындағы халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жарыстың бірінші күнінде үш медальға ие болды.

60 келіге дейінгі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орынды еншіледі. Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов күміске қол жеткізді. Бірінші орын жапониялық спортшы Томофуми Такаджоға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар