11:38, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қазақстандық екі боксшы Екатеринбургте шаршы алаңға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Станислав Калицкий (3-0, 3 КО) мен Дәулет Дәукеновтің (3-0, 1 КО) шаршы алаңға оралатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz .

Олар Екатеринбург қаласында RCC Boxing Promotions компаниясының бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Калицкийдің жекпе-жегі 10 ақпанға жоспарланған. Оған екінші жартылай жеңіл салмақтағы алты раундтық айқаста ресейлік Евгений Смелов (3-5, 2 КО) қарсылас болады.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Дәукенов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін Калицкийден үш күннен соң, 13 ақпанда өткізеді. Әзірше оның қарсыласының кім екендігі айтылмай отыр.