Қазақстандық екі дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдуақас пен Маргарита Гриценко Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық екі дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын болды

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды.

Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр.

ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтеді.