Қазақстандық экипаж Africa Eco Race-2016 үшінші кезеңінің жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрамында Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмич бар Mobilex Racing на Hummer командасындағы қазақстандық экипаж Africa Eco Race-2016 ралли-марафонының үшінші кезеңінің жеңімпазы болды, деп хабарлады khabar.kz.
None
None

31 желтоқсанда шабандоздар марокколық Тагунит және Асса қалаларының арасындағы 558 шақырым қашықтықты еңсеруі тис болды, оның 451 шақырымы уақыт бақылауымен арнайы учаске болатын. Қорытындысында Сазонов пен Кузьмич бұл учаскеден бес сағат алты минут және 24 секундтың ішінде өтті.

Француздар Паскаль Томас пен Паскаль Ларуж қазақстандық экипаждан үш минут және бір секунд кейін қалды, үшінші болып Mobilex Racing командасының тағы бір экипажы Қанат Шағыров пен Виталий Ефтехов келді. Олар жеңімпаздан төрт минут 10 секунд кейін қалды.

Соңғы жаңалықтар