Қазақстандық экспортқа өнім шығарушыларды қолдау орталықтары 12 елде құрылатын болады
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлттық экспорттық стратегиялар жобасы шеңберінде 12 елде қазақстандық экспортқа өнім шығарушыларды қолдау Орталықтары құрылатын болады, деп хабарлады «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агентігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Мәйкенов.
«Біздің белсенді қозғалысымызға осынау біздің бизнесімізді қолдауға жәрдемдесетін желі жетіспей тұрған еді. Біз бұл жерде екі жобаны көріп отырмыз. Олар біріншіден - мемлекеттік 12 басымдыққа ие елдерде елшіліктерде сауда атташелер енгізу, екіншіден - МЖС техникалық қолдау, кеңес столдарымен қамтамасыз етілген өкілдіктер ашу. Жүйе бизнестің сұраныстарына бағытталған икемді болуы керек», - деді ол.
М.Мәйкеновтің сөзіне қарағанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы МЖС жобасындағы өкілдіктер құру тұжырымдамасымен шұғылданатын болады, деп жазады www.primeminister.kz .
Экспортшыларды қаржылық және сақтандыру жөніндегі мәселеге келер болсақ, онда қолданыстағы тетіктерді кеңейтіп және экспортқа шығару алдында қаржыландыруды енгізу ұсынылуда, - деді ол.
«Қазақстандық өндіруші экспорттық келісімшарт болғандықтан банкке барып тауарын айналымға түсіру үшін экспорттық келісімшарт негізінде несие алады», - деп қорытындылады ол.