Қазақстандық экспорттаушылардың 3,9 млрд теңге шығыны өтеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық экспорттаушылардың 3,9 млрд теңге шығыны өтеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы 26 желтоқсан күні «QazIndustry» АҚ-на өңделген тауарларды экспорттаушы субъектілердің шығынын өтеуге қатысты 350 компаниядан 578 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 433 өтінім тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша (тауарларды темір, әуе, автомобиль, теңіз көліктерімен жеткізуге байланысты және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша шығындар); 145 өтінім тауарларды ілгерілету бойынша түсіп отыр.

Айта кетерлігі, отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, оларға: шетелде тауарларды жарнамалауға және ілгерілетуге байланысты шығындар; қойманы ұстауға арналған шығындар; шетелдік нарықтарда тауарларды тіркеуге және техрегламенттерге сәйкестікке арналған рәсімдерден өтуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар және тағы сол сияқты шығын түрлері жатады.

«Қағидаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін «QazIndustry» АҚ-қа 336 өтінімдер келіп түсті. 139 компанияның 3,9 млрд теңге сомасындағы 178 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде: 3,5 млрд теңге тауарларды жеткізуге байланысты; 348 млн теңге тауарларды жылжыту шығындары«, - деп министрліктен.

Ведомство мәліметінше, қалған компаниялар шығындарының бір бөлігі құжаттар пакеті дұрыс (толық) жиналмауына, экспорттаушылардың оларды сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесіне енгізілмеуіне байланысты қайтарылмайды. Ал қажетті құжаттарды қате (толық емес) ұсынған компаниялар келесі жылға қайталап өтінім бере алады.

Соңғы жаңалықтар