Қазақстандық экспорттың құны жыл басынан бері 9,5 пайызға қымбаттады - ҚР ҰЭМ
Есеп беріліп отырған аралықта экспорттық тасымалдың ішінде бағаның көтерілуі мыста (17,9 пайызға), мұнайда (14,2 пайызға), марганецвые кенінде (13,5 пайызға), алюминийде (10,3 пайызға), қара металлдар прокатында 8,4 (пайызға), табиғи газда (7,4 пайызға), мыс кенінде (6,9 пайызға), ферроқұймаларда (6 пайызға), қорғасында (4,8 пайызға), көмірде (3,1 пайызға) байқалса, мырышта 2,4 пайызға төмендегені белгілі болып отыр.
Сонымен қатар, арпаның бағасы 13,4 пайызға, мақта 6,2 пайызға, бидай 3,7 пайызға қымбаттап, жүннің бағасы 0,7 пайызға арзандағаны анықталды.
Импортталатын тауарлардың ішінде темекі 15,6 пайызға, жемістер мен жаңғақтар 11,2 пайызға, құс еті мен балық 6,4 пайызға, шай 5,9 пайызға қымбаттаса, күнбағыс майы 4,5 пайызға, қант 3,6 пайызға, маргарин 3 пайызға, макарон өнімдері 2 пайызға арзандаған.
Аяқ киімдердің бағасы 23,4 пайызға, қағаз 10,4 пайызға, пластмасса 8,1 пайызға, тігін бұйымдары 5,9 пайызға, бояулар мен лактар 0,9 пайызға көтерілген.