Қазақстандық Ержан Құлыбаев Польшадағы Х.Венявский атындағы скрипачтардың ХІҮ Халықаралық байқауының дипломанты атанды
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ержан Құлыбаев Польшадағы Познань қаласында өткізілген Х.Венявский атындағы скрипачтардың ХІҮ Халықаралық байқауының дипломанты атанды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Біздің 25 жасар отандасымыз Польшадағы классика музыкасына табынушылардың жоғары бағасына ие болды.
Биылғы байқауға 20 елден 53 скрипкашы қатысты. Үш сатыдан табысты өткен Е.Құлыбаев өзінің бес құрдасымен финалға өтті. Оның нәтижелері бойынша байқаудың жеңімпаздары ретінде қазылар алқасы корейлік Суюнг Юнды, жапондық Мики Кобаяши мен неміс музыканты Штефан Тарарды таңдады. Қазақстандық музыкант байқауда тамаша өнер көрсткені үшін құрметті дипломмен марапатталды.