Қазақстандық Ержан Ордабаев Ресейде өткен турнирде үздік боксшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Нальчик қаласында бокстан ашық бүкілресейлік «А» санатындағы турнир мәресіне жетті.

Қазақстандық Ержан Ордабаев Ресейде өткен турнирде үздік боксшы атанды

Жыл сайын өтетін дәстүрлі Балкар халқының жаңғыру күніне арналған сайыста Атырау облысының боксшылары ел намысын қорғады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

60 келі салмақта жұдырықтасқан Ержан Ордабаев төрт жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды. Онымен қоса Ержан турнирдің «ең үздік» боксшысы атағына ие болды.

Одан бөлек Амандық Манашев, Рашид Салауатов, Есенаман Шунгарин қола медальдарға ие болады.