07:37, 10 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық Евгений Эктов - Универсиаданың қола жүлдегері
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Евгений Эктов Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиадада үш секіріп қарғудан қола жүлдені олжалады.
Бұл туралы sports.kz жазып отыр.
Жеңіс тұғырына 17,01 метр нәтижесімен украиндық Виктор Кузнецов көтерілсе, екінші орын 16,89 метрге секірген ресейлік Алексей Федоровқа бұйырды. Жерлесіміз Е. Эктов 16,57 метрді бағындырып, қола жүлдені жеңіп алды.