Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі отандық рынокты тек 30 пайызға ғана қамтамасыз етеді

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі отандық денсаулық сақтау саласын дәрі-дәрмектермен тек 30 пайызға ғана қамтамасыз етеді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2009 жылы медикаменттердің ақша көрінісіндегі нарығының көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құраған. Ал 2009 жылы ақысыз медицина көмегінің кепілденген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамту көрсеткіші 45 пайызды құрады.

«Сонымен бірге, сарапшылар 2008 жылға дейін отандық фармацияның ішкі нарығының байқалған өсімі ел экономикасының көтерілуімен, демек халықтың әл-ауқатының өсуімен негізделгенін растап отыр. Халық сұранысының аса қымбат инновациялық фармацевтикалық өнімдерге ығысу шамасына қарай, отандық өнеркәсіптің ішкі нарықтағы ұстанымы төмендеп, салалық бағдарламаны әзірлеу қажеттілігін тудырды», делінген баспасөз айғағында.

Сонымен бірге, фармацевтикалық саланы дамыту бағдарламасы отандық фармацевтика өнімінің ішкі тұтыну көлемін 50 пайыздан кем болмайтындай деңгейге көтеруге және отандық фармацияның экспорттық мүмкіншілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұсынады. Бұл мақсатқа жету жөніндегі шаралар ретінде отандық өндірушіні мемлекеттік қолдаудың түрлі амалдарын қамту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар