Қазақстандық файтер қыз Бопай жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы ММА спортының тәжірибелі өкілі Зәмзәгүл Файзолланова Professional Fighters League турнирінің алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық файтер қыз Бопай жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Жекпе-жек 6 мамырда Американың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өтеді.

«Бопайдың» қарсыласы - бразилиялық спортшы Ларисса Пачеко.

Бұл - қазақстандық бойжеткеннің АҚШ-тағы алғашқы айқасы.

Қос спортшы жеңіл салмақ категориясында өнер көрсететін болды.

Зәмзәгүлдің салмағы - 69,58 кг, оның қарсыласыныкі - 70,48 кг.

Айта кетейік, Professional Fighters League турнирінің әр дивизионындағы жүлде сомасы - 1 млн доллар.

Ол үшін қатысушылар Гран при иегері атануға тиіс.