Қазақстандық фермерлер қалай цифрландырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерді агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға тарту тәртібі жайында баяндады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстандық фермерлер қалай цифрландырылады

«Фермерлерді агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға тарту мақсатында фермерлер 3 топқа бөлінетін болады. Бірінші топ - «цифрландыру пионерлері». Бұлар қажетті инфрақұрылымы бар, өз өндірісін цифрландыруға қазір-ақ кірісіп кетуге дайын фермерлер», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Оның сөзіне қарағанда, екінші топқа техникалық тұрғыдан жоғары деңгейде жарақтандырылған, жоғары технологиялы жабдық енгізуші фермерлер кіреді. Цифрландыруға батыл қадам жасау үшін оларды қолдау және ынталандыру қажет.

«Үшінші топ - олар әзірге техникалық жарақталу деңгейі төмен, технологиялық тәртіпті сақтауға әзірге дайын емес фермерлер. Бұл топпен кешенді түрде жұмыс істеу керек. Қалай жұмыс істейтінін және қаншалықты пайдалы екендігін көруі үшін әрбір топқа озық шаруашылықтар мысалында референстік (этолондық) модельдер құрылатын болады. Әрбір модель үшін чек-парақ әзірленеді, оны әрбір фермер орындаған сайын саланың ауқымды цифлануына бірте-бірте тартыла береді. Тиісінше, әрбір топ үшін цифрлық технологиялар енгізуді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шараларының өз топтамасы әзірленетін болады», - деді Арман Евниев.