Қазақстандық фермерлердің сапалы тұқым алуына жағдай жасалады
Аталған келісімге 2017 жылғы 7 қарашада қол қойылды. Келісімнің мақсаты - ЕАЭО аясында тұқымдардың жалпы нарығын дамыту. Сонымен қатар, тұқымдардың сапасы туралы мәліметтерді қамтыған құжаттарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара тануына, бұл тұқым нарығына қатысушылардың қайта сараптама жүргізуге және тұқымдардың сапасы туралы құжаттарды рәсімдеуге уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріледі.
«Келісімді іске асыру Қазақстанда тұқым сұрыптарын сынау және осы салалардағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ ЕАЭО ауқымында тұқым нарығына қол жеткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, еліміздегі селекцияны және тұқым шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге, отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасалады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.