Қазақстандық Феруза Ергешева Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 20 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-ыншы Азия ойындарындағы таэквондадан жарыстарда қазақстандық Феруза Ергешева Қазақстан құрамасының қоржынына тоғызыншы күміс жүлдені салды.

Қазақстандық Феруза Ергешева Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Феруза Ергешева қытайлық Ло Вэйге 4:5 есебімен ұтылып қалып, екінші орынға табан тіреді.

Медальдік есепте Қазақстан 8 орында тұр. Біздің құраманың активінде 31 медаль бар, олар: 4 алтын, 9 күміс және 18 қола медаль. Қытай 249 жүлдемен алда келе жатыр, оның 129-ы алтын медальдар. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея (143-50) мен Жапония (129-26) тұр.