Қазақстандық фильм Карловы Варыдағы ХКФ конкурстық бағдарламасына ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Нариман Төребаевтың «Шытырман» фильмі 4-12 шілде күндері Карловы Варыда (Чехия) өтетін 49-шы халықаралық кинофестивальдің негізгі бағдарламасына іріктелді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі.
None
None

«Шытырман» фильмі Федор Достоевскийдің «Ақ түндер» повесін еркін экрандау екендігі атап өтілген. Фильмнің оқиғасы қазіргі күндері Алматыда өтеді. Картина махаббат адамдарды ажырататынын және қосатынын баяндайды. Фильмді түсіру өткен жылдың тамызы соңында аяқталды. Француздың Arizona Films компаниясы халықаралық тең продюсер болған.

Карловы Варыдағы халықаралық кинофестиваль жыл сайын шілдеде өтеді. Фестиваль Орталық және Шығыс Еуропадағы ең маңызды кинематографиялық оқиға болып саналады. 1956 жылдан бастап фестиваль жоғары санатқа жатады, оған ғаламшардың 13 жетекші әлемдік кинофорумдары кіреді.

Соңғы жаңалықтар