Қазақстандық фильм ресейлік «Ника» сыйлығына ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Ника-2018» сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей кинематография өнерлері академиясына сілтеме жасап.

Қазақстандық фильм ресейлік «Ника» сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық фильм «ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі» аталымына үміткерлер тізіміне енді.
null

Бұл аталымға бұдан басқа тағы төрт шетелдік кино: қырғыз режиссері Ақтан Арым Кубаттың «Кентавр» картинасы, грузин режиссері Эльдар Шенгелаяның «Креслосы», Молдова режиссері Игорь Кристолдың «Мамырдың соңғы күні» және режиссер Виталий Манский түсірген Латвия, Эстония, Украинаның ортақ кинотуындысы - «Туыстар» атты фильмдері үміткер болып отыр.

Биыл үздік фильм атағына: Борис Хлебниковтың «Аритмия», Андрей Звягинцевтің «Нелюбовь». Павел Чухрайдың «Холодное танго» Александр Ханттың «Как Витька Чеснок вез Леху Штыря в дом инвалидов», Клим Шипенконың «Салют-7» және Кантемир Балаговтың «Теснота» атты фильмдері ұсынылған.

Автор: Назым Шаханова

Басты фото:kinotime.org

Фото: vosmerka.kz