Қазақстандық фристайлшы әлем кубогі кезеңінде «күміс» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

П.Колмаков фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды.

Канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, аустралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлде бұйырды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК мәліметі бойынша тағы бір қазақстандық Антон Бондарев іріктеуден өте алмады.

Сондай-ақ могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға өткенімен, жүлдеге іліккен жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда фристайлдан өтетін әлем кубогінің финалына әлемнің 14 елінен спортшылар қатысатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар