Қазақстандық футболшы алғаш рет FIFA-ның компьютерлік ойынына кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел клубының FIFA 15 компьютерлік ойынында тарихта алғаш рет қазақстандық футболшы пайда болды, деп жазады sports.kz.
Ол еліміздің ұлттық құрамасының және поляктың «Корона» командасының шабуылшысы, биыл қыста поляк командасымен келісімшартқа қол қойған Сергей Хижниченко.
Поляк Экстракласы FIFA ойынында бірінші жыл шығып отырған жоқ (2013 жылғы нұсқада да бар). Ойында Хижниченконың скилл деңгейі 57-ге тең (мысал үшін, «Барселона» ойыншысы Лионель Мессиде - 95, «Ливерпуль» футболшысы Марио Балотеллиде - 85).
Еске салсақ, ағымдағы маусымда 22 жастағы қазақстандық поляк лигасында 13 ойын өткізді, онда ол бір гол соқты.
Поляктардың Сергейге еурокубоктағы «Шахтердегі» ойынынан кейін көздері түсті, ойында Хижниченко өзін белсенді көрсетті. Өткен маусымда «Шахтерде» Хижниченко негізгі құрам ойыншысы болды. Чемпиондар Лигасы біліктілігінде кеншілердің атынан шыққан ол борисовтық БАТЭ қақпасына бір гол соқса, албандық «Скендербеуге» екі гол, шотландиялық «Селтикке» 1 гол кіргізді. Қазақстан кубогының 5 матчында 1 гол соқты. ҚПЛ 20 ойынында 5 нәтижелі соққы жасады.
Сондай-ақ, Хижниченко Қазақстан құрамасы үшін матчта 2013 жылы Грузия құрамасына гол соққан.
Сергей Хижниченко 2014 жылғы 25 қаңтарда поляк «Коронасымен» келісімшартқа қол қойды. Еңбек келісімі 2014 жылғы желтоқсанға дейін созылуы тиіс.