Қазақстандық футболшы Бразилияның « Ботафого» клубының ойыншысы атанды
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - "Оле Бразил" футбол академиясының тәрбиеленушісі, қазақстандық жас футболшы Рауан Сәриев Рио-де-Жанейроның "Ботафого" клубы ойыншысы атанды,
деп хабарлады осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып «Қазақстанның спорт порталы».
Өткен жылы жас футболшы Р. Сәриев бразилиялық футбол клубымен ("Атлетико Минейро") келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық болған еді. Қазіргі уақытта ол "Ботафого" U-20 "Пантера" командасына өтіп, жаттығуды бастап та кетті.
Айта кетейік, "Ботафого" - Бразилияның мықты футбол клубтарының бірі. Бұл команда елінің екі дүркін чемпионы, Рио-де-Жанейро штатының бірнеше дүркін чемпионы, КОНМЕБОЛ кубогының жеңімпазы.