Қазақстандық футболшы қыздар Беларусь құрамасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда өтіп жатқан «Даму кубогы - 2018» халықаралық турнирінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойынын өткізіп, Беларусь құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футболшы қыздар Беларусь құрамасынан басым түсті

ҚР Футбол федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу Давид Петриашвили атындағы стадионда өтті.

Ойын барысында біздің қыздар екі рет таразы басын теңестірді. Екі сәтте де қорғаушы Александра Бурова дәлдік танытты.

Кездесу тағыдыры матч соңындағы пенальти сериясында шешілді. Біздің құраманың төрт ойыншысы он бір метрден мүлт кетпеді. Ойынның басты қаһарманы қақпашы Аружан Оразбекова атанды. Ол қарсыластың екі он бір метрлік соққысын қайтарды.
null 

Енді Қазақстан қыздар құрамасы Румыния U-17 құрамасымен өткізеді.

Беларусь U-17 - Қазақтан U-17 - 2:2 (1:1) пен. 2:4

Голдар: Харитончик 7, Железникова 73 - Бурова 22, 78.

Қазақстан қыздар құрамасы U-17: Оразбекова, Бурова, Садықова (к), Ташмет, Исмаилова, Кенжетай, Әйтімбетова (Шолақова 41, Мұқашова 72), Көпжанова, Артықбай, Иванова, Махаматова (А.Шалмұқанбетова 51).