Қазақстандық футболшы қыздар Еуро-2018 іріктеу турнирінде Англиядан 9:0 есебімен ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2018 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Англияға қарсы алаңға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Қыздарымыз Тұманды Альбион өкілдерінен 0:9 есебімен жеңілді. Гол авторлары: Грейс Смит (10-минут), Тейлор Хиндс (17), Анна Филби (23), Элла Тун (38, 84), Эсми Морган (60), Лоис Джоэл (62), Джессика Джонс (68) және Ребекка Рейнер (87). 2-топ ойындары Шымкентте өтіп жатыр. Қазақстан, Англия құрамаларынан тыс біздің топта Словения және Уэльс қыздары да күш сынасады. Чемпионаттың финалдық кезеңіне әр топтың бірінші және екінші орын иелері, сондай-ақ үшінші орынды иеленген командалардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен 4 құрама шығады. 2018 жылғы Еуропа чемпионаты 18-30 шілде аралығында Швейцарияда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар