Қазақстандық футболшы Ресейдің «Ростов» командасында өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов «Ростов» Ресей премьер-лигасының клубымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Бүгін таңертең 20 жастағы жартылай қорғаушы ресми түрде «Ростов» ойыншысы атанды. Мәміленің мән-жайы әзірге жарияланған жоқ, тек «Астананың» ресейлік клубтан белгілі бір мөлшерде өтемақы алатыны мәлім болды.

Өткен маусымда жамбылдық футболшы Зайнутдинов ҚПЛ аясында 27 матч өткізіп, 5 рет гол салған. Бактиер Қазақстан құрамасында 9 матч өткізіп, 3 рет голмен ерекшеленді. Сондай-ақ, чемпионаттың қорытындысы бойынша «Маусым жаңалығы - 2018» жүлдесіне ие болды.

null

Соңғы жаңалықтар
telegram