Қазақстандық футболшылар әлемнің үздік ойыншыларына дауыс берді

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан клубтарының футболшылары ФИФА/ФИФПро нұсқасы бойынша 2013 жылғы әлемнің үздік ойыншысын анықтауға өз дауыстарын берді,

Қазақстандық футболшылар әлемнің үздік ойыншыларына дауыс берді

деп хабарлады Sports.kz. "Про футбол" өткізген дауыс беру шарасына «Шахтер», «Астана», «Тараз», «Ордабасы», «Қайрат», «Жетісу», «Сұңқар» және «Атырау» командаларының 100-ден астам ойыншысы қатысты.

Сауалнама нәтижесі мынадай:

Қақпашы: Касильяс - 89 Буффон - 28 Нойер - 19 Қорғаушы: Рамос - 120 Дани Алвеш - 92 Видич - 88 Жартылай қорғаушы: Иньеста - 120 Хави - 103 Озил - 58 Шабуылшы: Месси - 108 Ибрагимович - 103 Криштиану Роналду - 72

Бүгін түстен кейін Цюрихте дауыс берудің толық нәтижесі жария етіліп, әлемнің үздік ойыншыларына наградалар табысталады.