Қазақстандық футболшылар ФИФА рейтингісінде бір саты жоғары көтерілді

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Біздің футболшылардың кәсіби деңгейін шетелде бағалады. Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының рейтингісінде (ФИФА) бір саты жоғары көтерілді.
None
None

Қазақстанның құрамасы 126-шы орыннан 125-ші орынға көтерілді. Ресей 16-шы орынға, Украина 24-ші орынға орналасты.

Футболдан әлем чемпионы Испания құрамасы рейтинг көшбасшысы болып келеді, одан кейін голландиялық ойыншылар, үздік үштікті Бразилия құрамасы аяқтайды.

Айта кеткеніміз жөн, осы жылы футболдан әлем чемпионаты аяқталысымен, шілденің 14-і күні шығарылған ФИФА-ның алдыңғы қорытындысында Қазақстан 3 сатыға жоғарлаған, ал бүгін тағы бір мәрте жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар