Қазақстандық футболшылар Мажарстан командасын жеңе алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы 2015 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі матчінде Қазақстан құрамасы Мажарстан командасына 1:2 есебімен ұтылды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық футболшылар Мажарстан командасын жеңе алмады

Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Ойынның екінші кезеңінің басында венгриялықтар екі гол салды. Қазақстандық тараптан команда капитаны Бегайым Қырғызбаева бір голдың авторы атанды. 19 маусымда еліміздің әйелдер құрамасы өз алаңында Австриямен тартысқа түседі.