Қазақстандық футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирге қатысып жатыр

Онда ел намысын 5 команда қорғауда. Атап айтқанда 1998 жылы туған аяқдопшылар арасында Алматы қаласының «Қайрат», 1999 жылғылар арасында «Атырау» мен «Каспий» (Ақтау), 2000 жылғылар арасында Алматы қаласының «Қайраты» мен «№2 дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі» және Ақтау қаласының «Каспий» командалары.
1998 жылғы жасөспірімдер арасындағы сайыста бүгін алматылықтар алғашқы ойынын Грузияның Тбилиси қаласының «35» командасымен өткізбек. Ал ертең Ресейдің Егорьевск қаласының «Мастер-Сатурн», сәрсенбіде Тбилисидің «Локототив», жұмада алаң қожайындарының «Анталияспор», сенбіде Ресейдің Находка қаласының «Океан» аяқдопшыларымен күш сынасатын болады. Ал 2000 жылы туған балалар арасындағы сында ақтаулықтар «А» тобында, спорт мектебінің оқушылары «В» тобында, қайраттықтар «С» тобында өнер көрсетпек.