Қазақстандық Галина Вишневская Олимпиаданы 52-орынмен аяқтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында із кесу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додада қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко қатысып, жалпы есепте Олимпиада ойындарын 52-орынмен аяқтады.
Бқл жарыста бас жүлдені норвегиялық Марте Олсби-Ройзеланд жеңіп алса, күміс жүлдені швециялық Эльвира Оэберг қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті тағы бір норвегиялық биатлоншы Тирил Экхофф өз еншісіне жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Галина Вишневская 7-ақпан күні биатлоннан жекелей жарысты 44-ші орынмен аяқтап, нәтижесінің арқасында із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына енген болатын.
Бұл отандасымыздың Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы.