Қазақстандық Галина Воскобоева «Ролан Гарростың» екінші айналымында сүрінді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева Францияның теннис бойынша ашық чемпионаты «Ролан Гарростың» үшінші айналымына өте алмады.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.

Екінші айналымда отандасымыздың ракеткасы Роберта Винчимен түйісті. 4:6, 6:4, 2:6 есебімен итальяндық теннисші басым түсті.

Еліміздің тағы бір спортшысы Юлия Путинцева да «Ролан Гарроста» өнер көрсетуде. Ол үшінші айналымда әлемнің 5-ші ракеткасы итальяндық Сара Эрранимен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар