Қазақстандық ғалымдар бидайдан мол өнім алудың тетігін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамсинская 2017» сортынан бір гектардан 46,5 центнер өнім алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Аталған орталық мәліметінше, мұндай нәтижеге жету үшін зертхана қызметкерлері бірнеше жыл жұмыс істеген.

Зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Бір айта кетерлігі, жаңа сорттың ерекшелігі - төзімділігі жоғары. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Минералды тыңайтқыштармен ылғалдандырған жағдайда мол өнім береді. Экологиялық жаздық далалық түрге жатады», - деп атап өтеді орталықтан.

«Дамсинская 2017» сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Макарон түсі және жалпы бағалау бойынша стандартты көрсеткіштен асып түседі.

Экологиялық сорт сынақ Солтүстік Қазақстан облысында да жүргізіліп, аталған сорт 46,3 центнер өнім берген.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жетті.

Соңғы жаңалықтар