Қазақстандық ғалымдар «доңыз» және «құс» тұмауына қарсы вакцина жасап шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ж.Түймебаевтың айтуынша, вакцинаны профессор Сейідғаппар Мамадалиев бастаған БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жасап шығарды. «Бұл екі жаңа вакцина - тәуелсіз Қазақстанда жасалған алғашқы медициналық дәрі-дәрмектер. Бұның алдында құс тұмауына қарсы ветеринарлық вакцина ойлап табылған болатын», деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, вакцинаны жасап шығару жөніндегі жұмыстар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, РФ Ұлттық тұмау орталығы өкілдерінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының бақылауымен жүзеге асырылды. «Вакцина клиникалық зерттеулерден өткізуге Санкт-Петерборда орналасқан арнайы мекемеге жіберілді. Енді Қазақстан «құс» тұмауына қарсы өзінің вакцинасы бар 13 мемлекеттің, сондай-ақ «доңыз» тұмауына қарсы вакцинасы бар 5 елдің қатарына кірді», деді министр.