Қазақстандық ғалымдарға FP7 бағдарламасы бойынша өз жаңалықтарын Еуропада жүзеге асыруға мүмкіндік бар

деп хабарлайды ҚазАҚпарат.
Шараның мақсаты- ғалымдарға кәсіби көмек беру жолдарын дамыту. FP7 Еуропаның ғылыми кеңістігінің негізгі қазығы болып саналады. Бағдарлама университеттерден бастап білім беруші шағын ұйымдар, жеке ғалымдарға дейін қолдауды ұйымдастырады. Бағдарламаның Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі Камила Мағзиеваның айтуынша, ғылым ешқашан бір ғана елдің шеңберінде дамыған емес.Сондықтан аталған бағдарлама Еуроодақ көлемінде дамытылып, 1994 жылдан бастап үшінші елдерге таратыла бастаған. «Бұл бағдарлама ғылымды дамытуда өте қажет. Мәселен, Еуроодақ осы бағдарлама аясында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің шешілуіне белсенді түрде атсалысып отыр. Мәселен «құс тұмауы», Мексика шығанағындағы мұнай апатына байланысты технология жасау туралы жедел конкурстар ұйымдастырылды», дейді ол. Оның айтуынша, бұл бағдарлама арқылы қазақстандық ғалымдардың да өз жобаларын әлемдік деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Алматы технология университетінің проректоры Серік Түменовтың айтуынша, Қазақстандық ғалымдардың бұл бағдарламаға қатысу әлеуеті жоғары. Бағдарламаның өзектілігі ұлттық басымдылықтарды қолдауға, дамытуға мүмкіндік беретіндігі. Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың еңбектерін еуропалық деңгейге көтеруге жағдай жасалмақ.
«Сондақтан, бүгінгідей семинар өте қажет», дейді Серік Түменов. Семинар барысында қазақстандық ғалымдарға FP7 бағдарламасының өзектілігі, талаптары туралы мағлұмат беріліп, өз жобаларын ұсынуға болатын шетелдік ұйымдар таныстырылды.