Қазақстандық геологтар кәсіби мерекелерін бірінші рет ресми түрде атап өтпек

АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат  -  Алматыда Қ.Сатпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында 30 наурыз  күні «Геолог күніне» арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Қазақстандық геологтар кәсіби мерекелерін бірінші рет ресми түрде атап өтпек

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі белгіленген болатын.

Алғаш рет атап өтілетін салтанатты шараға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар мен Мұнай және газ министрліктерінің басшылары, «Самрұқ-Қазына», «Қазгеология»,  «ҚазМұнайГаз» АҚ-ы және басқа ҚР ұлттық компанияларының түрлі деңгейдегі басшылары, ҚР геологиялық ұйымдарының, геология қызметкерлерінің кәсіподағы, геодезия және картография ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ геология қызметінің ардагерлері қатысады деп күтілуде.