«Қазақстандық GGG» Аида Сатыбалдинова кәсіби рингте жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (1-0-1) кәсіби рингтегі үшінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Лос-Анджелестегі Westin Bonaventure Hotel-де (АҚШ) америкалық дебютант Кейлин Хансенмен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен төрт раундық айқас Сатыбалдинованың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Аиданың рекорды 2-0-0, ал оның бәсекелесі кәсіби рингтегі жолын сәтсіз бастады.
Еске сала кетсек, «Леди Спарта» алғаш рет 17 наурыз күні америкалық Лиза Портермен (1-1-2) айқасқа шығып, тең түскен еді. Одан кейінгі кездесуінде Сатыбалдинова мексикалық Анетте Пабельодан басым түсті.
Шет мемлекеттерде Аиданы күшті соққысы үшін отандасы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) теңеп, «әйелдер арасындағы GGG» деп атайды.