03:37, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстандық гимнасшы Әлем кубогында «күміс» иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық гимнасшы Сабина Әшірбаева Берлинде өткен Көркем гимнастика бойынша әлем кубогында жүлделі екінші орынға ие болды, деп жазады championat.com.

Қазақстандық доппен жаттығу жасауда күміс медальға қол жеткізді.
Халықаралық жарыста бірінші орынды ресейлік Екатерина Селезнева алса, алғашқы үштікті Беларусияның спортшысы түйіндеді.
Доп:
1. Екатерина Селезнева (Ресей) - 17,450. 2.
2. Сабина Әшірбаева (Қазақстан) - 16,850. 3.
3. Катерина Галкина (Беларусь) - 16,450.