Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуде

ТАШКЕНТ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сейсенбі күні, ақпанның 16-сында Ташкент Әмбебап спорт сарайында көркем гимнастикадан XI Азия чемпионаты басталды.

Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуде

Бұған дейін хабарланғанындай, жарыстарға Азия елдерінен - Бангладештен, Қазақстаннан, Катардан, Қытайдан, Кореядан, Қырғызстаннан, Малайзиядан, Сингапурдан, Сириядан, Тайландтан, Жапониядан және Өзбекстаннан 150 спортшы қатысуда. Гимнасшылар ағымдағы жылы алдағы уақытта Сингапурда өтетін жастар арасындағы тұңғыш Олимпиада ойындарының жолдамаларын сарапқа салады.

Бүгін түске дейін жеке жаттығуларда қазақстандық гимнасшылар өз шеберліктерін көрсетті. Бірінші топтағы Юлия Кизима, Юлия Семенова, Анастасия Материкина, Кәмила Тәкеева қарсыластарына қарағанда жоғары нәтижелер көрсетті.