19:27, 26 Ақпан 2018 | GMT +5
Қазақстандық гимнаст Әлем кубогында ауыр жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Австралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Карими Instagram-дағы парақшасында жарақат алған сәті түсірілген видеоны жариялап: «Дауысын қоса көріңіздерші. Мұндағы дауыс жағымнан емес, қолымнан шыққан. Қолдау білдірген баршаға рахмет. Бүгін ота жасап, сүйектерімді қайта жинады», - деп жазды. Екінші постында ол үшін биылғы маусым аяқталғанын жазды.
Айта кетейік, 22-25 ақпан аралығында Мельбурнде қазақстандық спортшылар - Милад Карими мен Нариман Құрбанов Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысты.
Еске сала кетсек, Карими өткен жылы спорттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан тарихында алғаш рет күміс медаль жеңіп алған болатын.