Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық гимнастшы Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при жарысының кезеңінде жүлделі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сабина Бакатова Чехияда көркем гимнастикадан өткен Гран-придің кезеңінде лентамен өнер көрсетіп, «қола» алды. «Алтынды» словениялық гимнастшы Екатерина Веденеева, ал «күмісті» франциялық Лили Рамоначо алды.
18 жастағы гимнастшы қыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Биыл наурыз айында ол Грецияда өткен танымал Афродита кубогы турнирінде қола медальды жеңіп алған болатын.