Қазақстандық гимнаст Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. Әлемдік турнир аясында қазақстандық Милад Карими екі финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық гимнаст Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Ол қолын тіреп секіруде 14.008 ұпай жинап, іріктеу сайысында төртінші орын алды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы белтемірде жаттығу жасаудан медаль үшін таласады. Ол 13.350 ұпаймен алтыншы орын алып, финалға өтті.

Еске салайық, қазақстандық гимнаст Милад Карими Токиодағы Олимпиада орындарында алтыншы орын алған болатын.