Қазақстандық грек-рим балуандары әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар грек-рим күресінің әлемдік рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп жазады sports.kz.

Қазақстандық грек-рим балуандары әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

Грек-рим күресі бойынша жаңартылған UWW әлемдік рейтингінде біздің спортшылар өз орнын сақтап тұр, деп хабарлаған Kazakhstan Wrestling Online.

Алмат Кебіспаев 59 келі салмақ дәрежесінде үздік үштіктің қатарында. Бұл салмақ дәрежесінде Мейрамбек Айнағұлов 19-шы орында;

Дархан Баяхметов - 71 келі салмақ дәрежесінде 13-ші;

Досжан Қортықов - 75 келі салмақ дәрежесінде екінші орында;

Асхат Ділмұхамедов - 80 келі салмақ дәрежесінде 15-ші, Нұрсұлтан Тұрсынов - сегізінші орында;

Нұрмахан Тінәлиев 130 келі салмақ дәрежесінде 13-ші орында.