12:44, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері Олимпиада ойындарына 7 салмақтың бесеуінен ғана қатысатын болды
АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы биыл толық құраммен қатыспайтын болды. Кеше Финляндияның Хельсинки қаласында аяқталған ақтық іріктеу турнирінде үміт артқан екі балуан да алғашқы айналымнан аса алмады.

Атап айтқанда 55 келідегі Марат Кәрішалов (55кг) украиналық Вюгар Рагимовқа 4:6, 0:6, Алхазур Оздиев (96 кг) литвалық Миндаугас Эзеркиске 0:1, 0:4 боп ұтылды. Енді 4 жылда бір өтетін әлемінің ең ірі байрақты бәсекесінде ел намысын Олимпиада жолдамасын Әлем және Азия чемпионаты мен халықаралық турнирлерде иеленген Алмат Кебісбаев, Дархан Баяхметов, Асқат Ділмұхамедов, Даниял Гаджиев пен Нұрмахан Тінәлиев қорғайтын болды.