Қазақстандық халықаралық мұнайгаз конференциясы қазан айында Алматыда өтеді

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат. Қазақстандық халықаралық мұнайгаз конференциясы KIOGE-2010 Алматыда қазанның 7-8-інде өтеді. Бұл туралы конференцияның ресми сайтында хабарланған.
None
None

«KIOGE-2010 Конференциясы Қазақстан мен Каспий өңіріндегі мұнайгаз өнеркәсібі саласы бойынша атқарылатын айтулы шаралардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұндай шараға әлемнің мұнайгаз нарығында көшбасшы саналатын және Каспий өңірі мен Орталық Азияда жетекші рөлге ие ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар қатысады», делінген баспасөз баянында.

Жалпы, форум Қазақстан мен Каспий өңірі бойынша мұнайгаз нарығы үрдістерін сараптап, талдау үшін бірегей тұғырнама болып келеді.

Соңғы жаңалықтар